Жарияланды: 420

Байқоңырға "Прогресс М-66" жүк кораблі жеткізілді

Байқоңыр. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға "Прогресс М-66" жүк кораблі жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарышщ айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін Төретам бекетіне Мәскеу түбіндегі Королев қаласынан темір жол құрамы келді, ол ғарыш айлағына "Прогресс М-66" жүк кемесін жеткізді. Кедендік рәсімдеуден кейін құрам айлақ ішіндегі темір жолмен ғарыш айлағының №254 алаңына жеткізіледі, онда ғарыш кемесінің ұшырылым алдындағы дайындығы жүргізіледі. "Прогресс М-66" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 12-ші қазаға ұшырылатын 18-ші экспедицияның экипажына арнап азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді. "Прогресс М-66" жүк кемесі "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың қарашасында ұшырылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін