Жарияланды: 390

Байқоңырға ресейлік "Ямал-402" серігі жеткізілді

Байқоңырға сейсенбіде АН-124-100 ("Руслан") ұшағымен ресейлік телекоммуникациялық "Ямал-402" серігі жеткізілді, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" ғарышжайдағы дереккөз.

"Бриз-М" айдаушы блогы және ресейлік телекоммуникациялық "Ямал-402" серігі бар "Протон-М" зымыранын 8-желтоқсан күні ұшыру көзделген. Телекоммуникациялық "Ямал-402" аппараты ресейлік серіктік оператор "Газпром - ғарыштық жүйелер" ААҚ-ның тапсырысы бойынша жасалған. Салмағы 5250 кило серікке Ku-диапазонды 46 транспондер орнатылмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін