«Бәйтерек» холдингінің компаниялары 12 жылда елімізде 72 мыңнан астам жұмыс орнын құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бәйтерек» холдингінің компаниялары 12 жылда елімізде 72 мыңнан астам жұмыс орнын құрды

«Бәйтерек» холдингінің компаниялары 12 жылда елімізде 72 мыңнан астам жұмыс орнын құрды

«Бәйтерек» холдингіне қарасты компаниялар тобы соңғы 12 жыл ішінде Қазақстан бойынша 72 мыңнан астам жұмыс орнын құрды.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 361
Фото - Caravan.kz

Мұндай мәліметтер «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің инвестициялық саясат талаптарын орындау туралы есебін тыңдауға арналған отырысы барысында мәлім болды.

Холдингтің баспасөз қызметі хабарлағанындай, компаниялары тобы жалпы сомасы 491,7 млрд. теңгеге өндірістік секторда 12 жоба бойынша қаржыландыру жұмыстарын қолға алған. Бұдан басқа, шикізаттық емес секторға 466 млрд. теңге инвестицияланды. Есептік кезең ішінде шикізат емес секторды ұзақ мерзімді қаржыландыруда холдингтің үлесі 68 пайызды құрап отыр.

«Шағын және орта бизнесті қолдауға Ұлттық қордан бөлінген 200 млрд. теңге ішінен 172,8 млрд. теңге сомасына (119,1 млрд. теңге — жаңа жобаларды қаржыландыруға, 32,5 млрд. теңге — қарыздарды қайта қаржыландыруға, 21,2 млрд. теңге — айналым қаражатын толықтыруға) 925 жоба қаржыландырылды. Кредиттердің 181,5 млрд. теңге сомасына 1 694 жоба субсидияланып,14,4 млрд. теңге сомасына кредиттер бойынша 390 кепілдік беру шартына қол қойылды. Сонымен қатар, холдингтің еншілес ұйымдары қаржыландырған кәсіпорындарда 45 437 тұрақты жұмыс орны сақталып, жаңадан 27 827 жұмыс орны құрылған», делінген баспасөз баянында.

Бұдан бөлек, тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын шешу және баспанаға қолжетімділікті арттыру бағытында Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның тұрғын ұй құрылыс жинақ банкі» есепті кезеңде жалпы ауданы 449 мың шаршы метр, 7171 пәтерлік 81 тұрғын үйді салу мен сатып алу бойынша ынтымақтастық туралы 57 келісім жасалған. Сатып алынған 6191 пәтер үшін жергілікті атқарушы органдарға 43,7 млрд. теңге аударылды.  Ал «Қазақстандық ипотекалық компания» бағытымен 95,5 млрд. теңге сомасына ауданы 610,2 мың шаршы метрлік (10 684 пәтер) 58 нысан бойынша шарттарға қол қойылды. Бұдан бөлек, 2015 жылы Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Семей, Қызылорда, Талдықорган, Павлодар, Өскемен, Ақтау қалаларында 61,6 млрд. теңге сомасына 392,8 мың шаршы метрлік (6 686 пәтер) 46 нысан пайдалануға берілмек.

«Сонымен бірге, аталған кезең ішінде «Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартты. Осылайша, есептік кезеңде тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі 1,86 млрд.долларды құрап отыр. Осы кезең ішінде еншілес ұйымдардың жобаларды іске асыруы нәтижесінде бюджетке салық түсімдерінің көлемі 56,433 млрд. теңгені құрады», делінген баспасөз баянында. 


Соңғы жаңалықтар