Бахрейн патшасы қазақстандықтарды өз елінде демалуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Бахрейн патшасы қазақстандықтарды өз елінде демалуға шақырды

Бахрейн патшасы қазақстандықтарды өз елінде демалуға шақырды

Парсы шығанағындағы жері кіші, бірақ жұрты бай тұратын  Бахрейн королі Хамад бен Иса әл-Халифа бүгін ресми сапармен Астанаға келді. Мұнайының арқасында шекесі шылқып отырған шағын мемлекеттің халқының саны бір миллионнан сәл асады.  Ал, экономикасы қарыштап дамып кеткен.

  • 15 Сәуiр 2014
  • 357
Фото - Caravan.kz

Ал Нұрсұлтан Назарбаев әріптесін әдеттегі протокол бойынша, барлық сән-салтанатпен қарсы алды. Қос мемлекеттің әнұраны ойналып ресми қабылдау аяқталған соң Бахрейн королі Ақордада Қазақстан президентімен жеке келіссөз жүргізді. Қос мемлекеттің арасында сауда айналымы өте төмен. Бар болғаны 1 жарым миллион доллар. Сондықтан тараптар алыс берісті көбейтуге келісті. Уағдаластыққа сай, Манама мен Астана арасында әуе рейсі ашылып, виза тура әуежайда рәсімделмекші. Сондай-ақ Бахрейн еліміздің ауыл шаруашылық өнімдерін алуға ниетті. Ал бізге алюминий кластерін құруға көмектеспек. Мұнай, химия, көлік және туризм саласында да, байланыс орнату көзделіп отыр.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Тараптар Қазақстанда Ислам банкинг жүйесін дамытуда ынтымақтастық орнатуға ниетті. Бізді Исламдық қаржы орталығының бірі саналатын Бахрейннің тәжірбиесі өте қызықтырады.