Бахрейннiң көмегiмен Павлодарда алюминий өңдейтiн арнайы аймақ құрылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бахрейннiң көмегiмен Павлодарда алюминий өңдейтiн арнайы аймақ құрылмақ

Бахрейннiң көмегiмен Павлодарда алюминий өңдейтiн арнайы аймақ құрылмақ

 Қазақстан Бахрейннiң көмегiмен Павлодарда алюминий өңдейтiн арнайы аймақ құруға мүдделi.

  • 14 Сәуiр 2014
  • 630
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн Астанада өтiп жатқан Қазақстан-Бахрейн бизнес-форумында ҚР Премьер-Министрдiң орынбасары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешев мәлiм еттi. 

«Бiз өзiмiздiң тарапымыздан екi ел арасындағы қарым-қатынастарды сапалы деңгейге шығаруды мақсат етiп отырмыз. Әсiресе инвестиция мен өнеркәсiптiк байланыстар бағытында.  Осы форумда әрiптестiктiң инфрақұрылымын құруымыз тиiспiз. Бүгiн iскерлiк кеңестi, Бахрейн ұлттық компаниясы «Мунталакат» пен Қазақстан ұлттық компаниялары «Бәйтерек» пен «Самұрық Қазына» арасында әрiптестiк орнату жөнiнде келiсiмге қол қойылады. Сонымен қатар бiздiң серiктестiгiмiздiң аясын кеңейтудiң жолдарын талқылауымыз шарт. Әрiптестiктiң әлеуетi жоғары мықты тұстарымыз бар. Бахрейнде ол мұнай өңдеу, сонымен қатар қаржылық сала жақсы дамыған», — деп атап өттi ол. 

«Қазақстан Бахрейнге астық пен оның терең өңделген өнiмдерiн экспорттай алады, сондай-ақ ет өнiмдерiн жiбере алады. Екiншiден, алюминий өңдеу саласында әрiптестiк орнатуға мүдделi. Бахрейнде 800 мың тоннадан астам алюминий өңделедi. Қазақстанда алюминийдiң бай қоры сақталған, жылына 250 мың тонна алюминий өндiрудемiз. Болашақта 500 мың тоннаға дейiн өндiруге болады. Бiрақ бiздiң алдымызда алюминийдi өңдеу мақсаты тұр. Әзiрге бiз жылына 25 мың тонна өңдеймiз. Сондықтан мұнда үлкен әлеует бар. Павлодар бiз алюминий өңдеудiң арнайы субаймақ құруға дайынбыз», — дедi ол. 


Аталмыш бизнес-форум Бахрейн Корольдігінің шейхы Хамад бен Иса әл-Халифаның Қазақстанға алғашқы сапары аясында өтуде.