Бакуде "Еуропалық одақ- Әзербайжан-Грузия-Қазақстан" мәжілісі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде "Еуропалық одақ- Әзербайжан-Грузия-Қазақстан" мәжілісі өтті

Бакуде "Еуропалық одақ- Әзербайжан-Грузия-Қазақстан" мәжілісі өтті

БАКУ. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Еуропалық одақ Транскаспий газ құбырының құрылысына саяси және қаржылай қолдау көрсетуге дайын, атап айтқанда демеуші болуға әзір. Бұл жөнінде Бакуде Каспий теңізі-Қара теңіз-Еуроодақ" энергетикалық дәлізін құру мәселесі бойынша өткен "Еуропалық одақ- Әзербайжан-Грузия-Қазақстан" мәжілісі барысында ЕО өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінң тілшісі.

  • 3 Сәуiр 2007
  • 452
Фото - Caravan.kz

Баспасөз өкілдерінің қатысуынсыз өткен отырысқа Әзербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі Натик Әлиев, Грузияның энергетика министрі Ника Гилаури, Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрлігі газ депатраментінің басшысы Анарбек Тұланбеков және ЕО өкілдері қатысты.

Әзербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі Натик Әлиев газды Әзебайжан арқылы Еуропаға тасымалдау мәселесі бойынша тек Қазақстан және Түркменстнмен ғана емес , Ресей және Иранмен де ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Министрлікте атап өткендей, кездесу барысында Түрікменстанның өңделіп сұйытылған газының Әзербайжан арқылы Еуропаға тасымалдануы үшін Қазақстанға жөнелту мәселелері, Транскаспий газ құбыры құрылысы жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктері , аймақтық энергетикалық қауіпсіздік мәселелері, сонымен қатар, Әзербайжан мен Грузия арасындағы электр және газ желілерін қайта жөндеуден өткізіп, Әзербайжандағы жер асты газ қоймаларының қуатын арттыру мәселелері талқыланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті