Жарияланды: 430

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жобасын алда саяси қоқан-лоққы күтіп тұр - Грузия президенті

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жобасын алда саяси қоқан-лоққы күтіп тұр. Бұл туралы 4-наурызда Бакуде өткен баспасөз мәслихатында Грузия президенті Михаил Саакашвили мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Баку қаласынан.

Грузия мемлекет басшысының атап көрсетуінше, оған белгілі болған ақпаратқа сәйкес, бірнеше айдан кейін белгілі бір саяси күштер экологиялық тауқыметтерді алға тартып, "жобаға мүлдем тосқауыл қоюға талпынуы немесе болашақта аяқсыз қалуын көздеп мұнай құбырының бағытын шұғыл өзгертуді талап етуі мүмкін". "Бұл адамдарға мен құрған қитұрқы жоспары жүзеге аспайды дегенді бірден айтқым келеді",- деді М.Саакашвили. Грузия президентінің айтуынша, кейбір экологиялық тауқыметтердің бар екені шындық. Бірақ ол жобаны жүзеге асырушы консорциуммен кең көлемде талқыланады. "Кейбір түзетулердің қажеттігі анық. Дегенмен бұл мұнай құбырын кең көлемді пайдалану мерзіміне нұқсан келтіруге тиіс емес",- деді М.Саакашвили. Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталған Грузия президенті бұл бағытта Грузияда қарқынды дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, Грузия бұл салада батыстың арнаулы қызметтерімен ынтымақтаса жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, мұнай құбырын тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін Грузиялық күштерді оқыту, жабдықтау және дайындығын арттыруда АҚШ-тан көмек күтеді. Грузия президенті бұл мәселе өзінің таяудағы АҚШ сапары барысында талқыланғанын жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін