Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен Қазақстан мұнайын тасымалдау құны жоба акционерлеріне ұсынылатын бағамен бірдей болады - ҚР ЭМРМ-нің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 451.38
  • 487.22
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен Қазақстан мұнайын тасымалдау құны жоба акционерлеріне ұсынылатын бағамен бірдей болады - ҚР ЭМРМ-нің орынбасары

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен Қазақстан мұнайын тасымалдау құны жоба акционерлеріне ұсынылатын бағамен бірдей болады - ҚР ЭМРМ-нің орынбасары

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен Қазақстан мұнайын тасымалдау құны мұнай құбыры жобасының акционерлеріне ұсынылатын бағамен бірдей болады. Бұл туралы ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Ләззат Қиынов Бау қаласында журналистерге хабарлады.

  • 10 Наурыз 2004
  • 579
Фото - Caravan.kz

Л.Қиыновтың айтуынша, Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау үшін Қазақстан 20 млн. тонна мұнайды танкермен Әзербайжанға жеткізуге дайын. «Егер мұнай көлемі 20 млн. тоннадан артып кетсе, онда біз Каспий теңізінің түбімен өтетін мұнай құбырын тартатын боламыз»,- деді ол.

Министрдің орынбасары Қашаған кенішінен шыққан Қазақстан мұнайы Баку-Жейхан мұнай құбырымен тасымалданатын алғашқы мұнай болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бірақ ол үшін Қашағанда алғашқы коммерциялық мұнай өндіріле бастайтын 2008-жылға дейін Каспий құбыр консорциумының (КТК) толық қуаты іске жегілуі тиіс.
«Қашаған» жобасының акционерлері КТК жобасына да акционер болып табылады. Егер 2007-2008-жылға дейін КТК толыққанды іске қосылса, онда біз Баку-Тбилиси-Жейхан жобасы үшін де мұнай жібере аламыз»,- деді Л.Қиынов.
Оның айтуынша, Қазақстан мұнай тасымалдайтын жаңа бағыттардың ашылуынан мүдделі. Өйткені ел өндірілетін жылдық мұнай көлемін 130-140 млн. тоннаға жеткізуді көздеп отыр, ал қазіргі бар мұнай тасмалдау бағыттары жылына небәрі 70-80 млн. тонна мұнайды сыртқа шығаруға мүмкіндік береді. ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі орынбасарының айтуынша, Баку-Тбилиси-Жейхан жобасымен бірге Қазақстан Одесса-Броды-Плоцк-Батыс Еуропа бағыттындағы Украина ұсынған бағыт пен басқа да балама жобаларды зерттеу үстінде. «Кейбір тасымал жобаларына Қазақстан қаржы қосуға дайын. Соның ішінде еліміз Одесса-Броды жобасының акционері болып табылады»,- деді Л.Қиынов.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары тікелей 2003-жылдың сәуір айында басталып, 2004-жылдың 4-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Мұнай құбырының Әзербайжандық бөлігі 2004-жылдың қыркүйек айына дейін, Грузиялық бөлігі 2004-жылдың қазан айына дейін, Түркиялық бөлігі 2004-жылдың соңына дейін салынып бітуі тиіс. Түркиядағы Жейхан айлағынан Әзербайжан мұнайы 2005-жылдың екінші тоқсанынан бастап экспорттала бастайды.
Жобаға тартылатын несиелік қаржының жалпы көлемі несиелік проценттерді қоса есептегенде 2,6 млрд. долларды құрайды.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі мұнай құбырын салуға тұтастай алғанда 2,95 млрд. доллар қажет. (несиелік проценттерді қоса есептегенде жобаның жалпы құны 3,6 млрд. долларға бағаланып отыр).
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен мұнай тасымалдаудың орташа тарифі бір баррель үшін 3,3 долларды құрайды.

Соңғы жаңалықтар