Жарияланды: 450

Баку-Тбилиси-Жейхан жобасы бойынша бөлінетін несиелік қаржы 2004-жылдың наурыз-сәуір айларында аударыла бастайды

Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы экспорттық мұнай құбырын салу жобасы бойынша халықаралық қаржылық ұйымдар бөлетін несиелік қаржы 2004-жылдың наурыз-сәуір айларында аударыла бастайды. Бұл туралы Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбырын тарту және оны пайдалану жөніндегі оператор болып табылатын ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясының атқарушы директоры Майкл Таунсенд 3-ақпанда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды

KZ-today тілшісі Бакуден. М.Таунсендтің айтуынша, несиелер негізінен 4-5 траншпен бөлінеді. Соның ішінде көлемі 1 млрд. долларды құрайтын бірінші транш ең қомақтысы болмақ. Несиенің берілу шарттары жария етілген жоқ. Алайда, BP-Azerbaijan компаниясының президенті Дэвид Вудвордтың атап көрсетуінше, несиелердің орташа проценттік ставкасы жылдық LIBOR +3,5%-ті құрайды. Оның айтуынша, несиелер 10-12 жылға берілгелі отыр. Ал несиені кері қайтара бастау мерзімі 2006-жылдың соңында басталып, 2015-жылы аяқталады. Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға негізгі төрт топ несие бөледі. Әзербайжан мемлекеттік мұнай қорының атқарушы директоры Самир Шарифовтың хабарлауынша, Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы тәрізді халықаралық қаржылық ұйымдардың әрқайсысы несиеге 250 млн. доллардан бөлмекші. Ал 936 млн. долларды несие беруші екінші топқа жататын ABN AMRO, Citigroup, Mizuho және Societe Generale сынды халықаралық 15 коммерциялық банк біріккен синдикат бөледі. Коммерциялық банктер бөлетін несиенің 250 млн. долларына Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы кепілдік берсе, 686 млн. доллар экспорттық және қамсыздандыру ұйымдарының кепілдік беруі арқылы бөлінбекші. Үшінші топқа экспорттық-несиелік 8 агенттік еніп, олар АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Италия және Франция тәрізді әлемдік алты алпауыт мемлекеттен материалдар мен құрал-жабдықтар сатып алуды қаржыландыруға коммерциялық банктерге кепілдік береді. Олардың арасында Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі (JBIC), экспорт пен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі Жапондық компания (NEXI), АҚШ Экспорттық-импорттық банкі, Ұлыбританияның экспорттық бақылауды қамтамасыз ету департаменті (ECGD) , АҚШ-тың шетелдердегі жеке меншік секторға инвестиция салу жөніндегі корпорациясы (OPIC), Францияның Companie Francaise pour le Commerce Exterier (COFACE) компаниясы, Германияның Euler Hermes Kreditversicherungs-AG (HERMES) және итальяның SACE S.p.A. - Servizi Assicurativi del Commercio Estero (SACE) компаниялары бар. Соның ішінде арасында Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі (JBIC) жобаға 480 млн. доллар бөлмекші. Сондай-ақ, жобаға қатысушы BP, Statoil, ConocoPhillips және Total тәрізді 4 ірі компания жалпы көлемі 923 млн. доллар көлемінде несие береді. С.Шарифовтың айтуынша, Әзербайжан үкіметі несиенің проценттік сыйақысымен келіседі. "Бұл ВТС Со. үшін тиімді несие",- деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін