«Бала туу көрсеткіші өте аз»: Петропавлда перзентхана жабылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бала туу көрсеткіші өте аз»: Петропавлда перзентхана жабылатын болды

«Бала туу көрсеткіші өте аз»: Петропавлда перзентхана жабылатын болды

Петропавл қаласында дәрігер жетіспейді. Соның салдарынан 3 қалалық аурухананың перзентхана бөлімі жабылатын болды, деп хабарлайды облсытық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дәуренбек Бейсембаев.

  • 4 Сәуiр 2018
  • 77
Фото - Caravan.kz

Қаладағы жүкті әйелдер енді облыстық перианталдық орталықта барып босанатын болады.

«Жүкті әйелдер көбіне патологиямен түседі, оның барлығы периантальдық орталыққа жатқызылатын. Жоспар бойынша жылына 3000 әйел босану қажет, бірақ 1200 әйел ғана босанады. Яғни, бала туу көрсеткіші өте аз. Сондай-ақ, бұл ауруханада балалардың ренимациялық бөлімі де жоқ. Гинеколог, неонтолог мамандары ғана жұмыс істейді. Тіптен жаңа туған сәбилердің анализдеріне дейін сол периантальды орталықта жасайтын болған. Анығын айтқанда, қалалық аурухана өз функциясын дұрыс атқармады, сондай-ақ, өз дәрігерлері болмаған», — дейді басқарма басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, перзентхана облыс бюджетіне тек шығын келтірген екен. Былтырдың өзінде орталыққа 19 миллион теңге жұмсалыпты. Ал, оның негізгі жұмыстарын облыстық перинаталдық орталық атқарып келген.


Оқи отырыңыз:

Ана мен бала денсаулығы – ұлт болашағы

Жүкті әйел перзентхана бөліміне жете алмай, лифтіде босанды

 

Соңғы жаңалықтар