Жүкті әйел перзентхана бөліміне жете алмай, лифтіде босанды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүкті әйел перзентхана бөліміне жете алмай, лифтіде босанды

Жүкті әйел перзентхана бөліміне жете алмай, лифтіде босанды

Қытай дәрігерлері жүкті әйелді лифтінің ішінде босандырып алды. Аурухана мамандарының айтуынша, қазір баланың денсаулығы жақсы және оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.

  • 28 Қыркүйек 2017
  • 239
Фото - Caravan.kz

Қытайдың Вэньшан округінде жүкті әйел қалалық аурухананың перзентхана бөліміне лифтімен көтеріліп бара жатып, кенеттен толғағы қысқан. Сөйтіп, жеделсатының ішінде босана бастаған. Оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан лифтінің операторы оны тоқтатып, барлық жолаушыларды сыртқа шығарып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Mirror.

Әйелді перзентхана палатасына жеткізу кеш болғандықтан, дәрігерлер оны лифтінің ішінде босандыру туралы шешім қабылдаған. Сәби жарық дүниеге келгеннен кейін, медицина мамандары оның кіндігін кеспей, анасымен бірге зембілмен палатаға жеткізген. Баланың денсаулығы жақсы әрі оның өміріне ешқандай қауіп жоқ. 


Соңғы жаңалықтар