Балабақша қоршауын қиратып, 5 жасар қызды қағып өлтірген әйел сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балабақша қоршауын қиратып,  5 жасар қызды қағып өлтірген әйел сотталды

Балабақша қоршауын қиратып, 5 жасар қызды қағып өлтірген әйел сотталды

Алматыда балабақшадағы көлік апатына қатысты сот үкімі шықты. 5 жасар қыздың өліміне себепкер болған Татьяна Семченко 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса, 5 жыл бойы көлік жүргізуіне тыйым салынды. Бір айта кетерлігі, әйелдің қатерлі дерті өтейтін жазасын сәл жеңілдетуге себепші болған. Оқыс оқиғадан көз жұмған Кәусар мен ауыр соққы алған екі бүлдіршіннің ата-анасы қандай үкім шығаратынын судья өзі шешсін деген еді. Ал сотқа мүлдем шақырылмаған 9 баланың жақындары сотталған әйелден өтемақы талап етуде.

  • 14 Тамыз 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Жантүршігерлік оқиға үш айға жуық уақыт бұрын болған еді. Татьяна Семченко балабақша ауласына көлігінің артымен бұза-жара кіріп, қаннен-қаперсіз ойнап жүрген бүлдіршіндерді қағып өткен еді. Салдарынан 5 жасар қыз кө жұмды. Бүгін сот залында оның қарт әке-шешесі мен қызы да төбе көрсетті. Ал айыпталушы өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын айтып, жеңіл жаза сұрады. Оның үстені зардап шеккендерге өтемақы төлеп, барынша көмектесіп жатырмын деді. Бірақ жарақат алған 9 баланың жақындары оның көмек бермек түгілі кешірім де сұрамағанын айтуда.

Дана Гимадиева, зардап шеккен қыздың анасы:

—  Біз 9 баланың ішіне кіреміз. Пострадавщий. Біздерді сотқа шақырмады.

— Біздің талап ететініміз жаңағы бізге түгелдей төлеп берсін, материалдық және моральдық өтемақы.

Шағымданушылардың көлік астында қалып, жарақат алған балалары кемі 2 жыл дәрігерлер бақылауында болуы қажет екен. Бүгін сотқа шақыртусыз келген ата-аналарды да Семченко қаржылай көмектесемін деп сендірді. Барлық тараптарды тыңдап болған соң судья оған жаза кесті.

Бақытжан Есенов, судья:

— Сот Семченко Татьяна Николаевнаны кінәлі деп тауып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Жаза қоныс колониясында өтеледі. Және сотталушы 5 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Сондай-ақ, бүлдіршіннің өмірін қиған Лэнд Крузер мен сотталушының тәркіленген басқа да мүліктері қайтарылатын болды. Ал сот шығындары үшін төленетін ақша 132 мың теңге деп белгіленді. Дегенмен, осы жеңілдетілген жазаға да Семченко мен оның туыстары риза емес секілді.

Ал  балаларының еміне өтемақы сұраған 9 ата-анаға судья бөлек арыз жазып, жаңадан іс ашу керек екенін айтты.

Негізі, Семченконың адвокаты оның қатерлі ісікке шалдыққанын алға тартып, бас бостандығынан мүлдем айырмауды сұраған еді. Бірақ судья бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ. Енді, 46 жастағы Татьяна Семченко 2 жарым жылын абақтыда өткізуі тиіс. Десе де, оның алдағы 15 күн ішінде аппеляциялық шағым түсіруге құқығы бар. 

Соңғы жаңалықтар