Балалар үйінің түлектері мектеппен қоштасты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар үйінің түлектері мектеппен қоштасты

Балалар үйінің түлектері мектеппен қоштасты

Алматыда «Ғажайыптар əлемі» саябағында балалар үйінің түлектері үшін мерекелік шара ұйымдастырылды. 

  • 27 Мамыр 2015
  • 739
Фото - Caravan.kz

«День улыбки-2015» шарасын «АЯЛА» мен «ДАРА» қоры бірлесіп өткізді. 600-ге жуық бала Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының концертін тамашалап, мерекелік дастарханнан дəм татты. «Аяла» қорының вице-президенті Жангелді Сəрсенов ұзақ оқу жылынан шаршаған оқушылар үшін осындай мерекенің маңыздылығы жоғары екендігін айтты.


«День улыбки-2015» осымен сегізінші рет өтіп жатыр. Негізгі мақсаты халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қоғамның назарын ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға аудару болып отыр», — деді «Дара» қорының директоры Мадина Бакиева.