Балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкім 11-шілдеде шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкім 11-шілдеде шығарылады

Балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкім 11-шілдеде шығарылады

ШЫМКЕНТ. 19-маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкім 11-шілдеде шығарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Маусым 2007
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Сот кеңес бөлмесіне кетті. Барлықтарыңызды 11-шілдеде үкімді тыңдау үшін келуге шақырамын»,- деді кеше кеше судья Зиядинхан Пірнияз айыпталушылардың соңғы сөзін тыңдағаннан кейін.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шымкентте 19-қаңтардан бері Шымкенттің емдеу мекемелерінде балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша сот мәжілістері өтіп жатыр. 21 адам айыпкер ретінде сотқа тартылған.

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 118 бала бар, 9 бала қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен. 14 әйелден індет вирусы табылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті