Балаларын қорғаймын деп кісі өлтірген азамат ақталып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларын қорғаймын деп кісі өлтірген азамат ақталып шықты

Балаларын қорғаймын деп кісі өлтірген азамат ақталып шықты

 

  • 15 Тамыз 2016
  • 767
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданындағы Қаратөбе ауылының 51 жастағы тұрғыны Еркінбек Қалменов (суретте ортада тұр) толығымен ақталып шықты деп хабарлайды «Караван» газеті. Ол қаруланып алып келген екі бұзақыдан балаларын қорғаймын деп, оларды ауыр жаралаған. Екіншісі ауруханада жатып қайтыс болды.  

Ағайынды Қайрат пен Берік (аттары өзгерген) Еркінбектің алыс ағайыны екен. Олар ауылдағыларды қорқытып-үркітіп ұстаймыз деп, жұрттың бәріне қоқаң-лоққы жасаған екен. Тіпті 35 және 27 жастағы бұл жігіттер Еркінбектің 16 және 14 жастағы екі ұлын өздерінің аяғынан ұстап амандасуға мәжбүр еткісі келіпті. Бұған жасөспірімдер көнбей қойған. Содан кейін екі арада ерегіс басталып кеткен.

Ал қанды оқиға өткен жылы күзде болды. Қайрат пен Берік Қалменовтың үйіне түнделетіп келіп, оның ұлдары Қуаныш пен Нұрдәулет жатқан бөлмеге кіреді. Сөйтіп, екеуін қылқындыра бастайды. Сол кезде Қуаныш сытылып шығып, үйдегілерді көмекке шақырған. Ал әлгі бұзақылардың бірі тіпті оқ атқан. Осы айғай-шудан оянып, үйден атып шыққан Еркінбек Қайрат пен Берікті қолына іліккен темір құманмен оңдырмай сабайды. Ауыр жараланған ағайындылардың бірі ауруханада жатып, қайтыс болды. Осыдан кейін Е.Қалменов қорғану шегінен асып кеткен деп айыпталды. Бірақ прокурор болған жайды саралай келе оған айып тағудан бас тартты. Сөйтіп, сот оның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп тауып, Еркінбекті босатты. Оның соққысынан аман қалған Берікке қатысты да сот процесі болды. Сот оны бас бостандығынан айырмай-ақ жазалау туралы шешім шығарды.

Ал Қайрат пен Беріктің жақындары апелляцияға арыз беріп, Е.Қалменов кісі өлтіргені үшін жазалансын деп отыр.       


Соңғы жаңалықтар