Балаларын Қытайға оқуға жібермекші болған азамат алаяқ компанияға 795 мың теңгені ұстатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларын Қытайға оқуға жібермекші болған азамат алаяқ компанияға 795 мың теңгені ұстатқан

Балаларын Қытайға оқуға жібермекші болған азамат алаяқ компанияға 795 мың теңгені ұстатқан

Алматыда балаларын Қытайға оқуға жібереміз деп алданған тұрғындар туристік компанияға баса көктеп кірді.

  • 30 Қаңтар 2019
  • 90
Фото - Caravan.kz

Ондағылар былтыр алпысқа жуық тарапкерден аспан елінің үш бірдей қаласына апарып, университетке орналастыру үшін қомақты қаржы алыпты. Бірақ, ақша аударылмақ түгілі, ол білім ордалары бұл компанияны білмейміз деп шығарып салған. Сөйтіп, қазақстандықтардың көбі далада қалған еді. Енді жиған тергенін оқуға беріп, жер сипап қалған жұрт өз ақшаларын қайтаруды талап етуде.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

— Камеры и микрофоны выключите.

— А че вы нас выгоняете? А че вы тогда нас не выгоняли? 

Ақшаларын күтіп, фирманың берген уәдесіне әбден тойған тұрғындар бүгін кеңсеге баса-көктеп кіруге мәжбүр болды. Өйткені, жаппай полицейлерге арыз жазғанымен компания әлі жұмысын тоқтатпады, дейді. Өздері секілді тағы талапкерлер алданып қалады деп қорқады. Гүлден Есімқызы жиенін оқуға жіберіп опық жегендердің бірі. Алты айдан бері 490 мың теңгесінің тең жартысын ала алмай жүр. 

“Содан артық сұрап тұрғаным жоқ. Анау шығындалған. Менің ары бері жүргенімді санап отырғаным жоқ” – дейді тұрғын Гүлден Есімқызы.
-офис закрывется. Выходите. 
-вооот міне осылай кетіп қалады. Бітті жауап айтпайды кетіп қалады. 

Дәл осы фирманың қызметіне имандай сенген тағы алпыстан астам адам бар. Еліміздің түпкір түпкірінде тұратын жұрт балалары жақсы білім алу үшін миллиондап берген. Келісім-шартқа да отырған. Қағазда аэропорттан күтіп алады, жатақхана беріледі, тіпті грант бөлінеді деп көрсетіліпті. Алайда, шетелге жеткенде бәрі басқаша болған. 

“Ұлым мен келінімді осы фирма арқылы Қытайға оқуға жібердім. 795 мыңды санап бердік. Олар виза жасап бергенімен, ешкім ұшақтан күтіп алмаған. Жатақхананы айтпағанда Университет бұл компанияны білмейтін болып шықты. Бір күнде далада қалып, қонақ үй іздеді. Енді бар ақшамызды бермей отыр” – дейді тұрғын Нұрбек Болатжан.

Яғни талапкерлер алданғанын тек Қытайдағы Гуанжу, Наньин қалаларына барғанында түсінген. Әйтеуір елшіліктегілер университет басшылығына шығып, барлығы әрең дегенде студент атаныпты. Тек, сан соқтырған фирма әлі күнге дейін ақшаларын қайтармағанына ашулы. Бірақ, компания өкілдері елшіліктің көмегімен білім ордасына оқуға түскендерін мойындағанымен, сұхбат беруден бас тартты. Әйтпесе, бізге де уәде берген еді. 

“Согласованно сделаем это все? А не вот таким вот образом. Хорошо? Я вас могу пригласить, сегодня” – дейді компания өкілі Дмитрий Кремнев. 



Сол бойы, компания өкілдері ресми сұхбаттан бас тартты. Ал тәртіп сақшылары «алаяқтық» фактісі бойынша іс қозғағандарын айтады. Алғашында 20 адам арызданыпты.

“Қазіргі таңда 11 іске тергеу жалғасып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижесінде, істің соңында тиісті процесуалдық шешім қабылданатын болады” – дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жұрттың бір ғана түсінбейтіні әр талапкерден кем дегенде жарты миллион теңгеден жинап алған компания әлі жұмысын тоқтатпағаны. Әйтпесе, полиция департаментінде арыз жатыр. Тексеріс жүргізілуде. Онда күйген ақша күйсін, тек болашақ түлектердің алданып қалмауына ықпал етсе, дейді.

Соңғы жаңалықтар