Баланың қызтеке не еркекшора болып туылуы қайдан болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баланың қызтеке не еркекшора болып туылуы қайдан болады?

Баланың қызтеке не еркекшора болып туылуы қайдан болады?

Баланың қызтеке не еркекшора болып туылуы қайдан болады?

  • 15 Ақпан 2019
  • 1094
Фото - Caravan.kz

Адам ағзасында оның әйел не еркектігін айқындайтын, соған жауап беретін гормондар болады. Яғни ер адамдарда еркектік гормон (тестостерон), ал әйел адамдарда әйелдік гормон (эстроген) көп болады.
Әйел адамның өз нәзіктігін жоғалтуы, даусының еркекке ұқсап жуандауы, дене бітімінің бұзылуы көбінесе оның бойында тестостерон гормонының көбейіп кетуінен болады екен.

Ал тестостерон неге көбейіп кетеді?

Мұның себебі — әйелдің өз табиғатына сай іспен айналыспауында. Негізі әйел өзінің жыныстық табиғатына сәйкес жұмыстарды жасағаны жақсы. Мысалы, үйде тамақ пісіру, үй жинау, кір жуу, ыдыс-аяқтарды реттеу, киім үтіктеу, үйге сәнді заттар тігу, т.б Тіпті, кейбір мамандар әйел өзінің бойындағы әйелдік сезімді жоғалтып алмауы үшін оған ең болмағанда, өз киімінің түймесін шешіп алып, қайта тігуге кеңес береді екен. Сонымен бірге әйел бойындағы тестостеронның көбейіп кетуінің тағы бір себебі – олардың киім кию әдебімен байланысты. Мамандардың айтуынша, үнемі шалбар киіп жүру әйел денсаулығына кері әсерін тигізеді. Себебі, шалбар тақымда орналасатындықтан, ол тестосторонның көбеюін қамтамасыз ететін безді үнемі ысқылап, соның кесірінен ағзадағы еркектік гормонның мөлшері арта түседі екен.
Дінімізде де әйел адамның еркекке ұқсап киінуіне, ал ер адамның әйелге ұқсап жүруіне тыйым салынған. Кешегі қазақ қыздарының да кең етек көйлек киіп, етегімен жер сызып жүргенін ескерсек, мұның барлығы тегіннен-тегін болмағанына көз жеткіземіз.

Ресейлік мамандардың айтуынша, ағзасында тестостерон мен эстроген тең болған кезде әйелдің бойына біткен баланың жыныстық қалыптасуында ауытқушылық болады. Яғни, ондай баланың қызтеке не еркекшора болып туылу ықтималдығы да жоғары көрінеді. Сондықтан еркек өз табиғатына сай сұстылық пен сесті, ал әйел нәзіктік пен мейірімді жоғалтып алмағаны абзал.

                                                                                                                                                      Ақпарат көзі:
АСЫЛ АРНА

Соңғы жаңалықтар