Балғынбек Имашев: қазіргі тоқал жезөкшенің қызметін атқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балғынбек Имашев: қазіргі тоқал жезөкшенің қызметін атқарады

Балғынбек Имашев: қазіргі тоқал жезөкшенің қызметін атқарады

Астана тоқалдардың қаласы: «Ағашкалардың» ашынасы боп жүрген арулар кімдер?

  • 24 Мамыр 2018
  • 588
Фото - Caravan.kz

Қоғамда «Астана тоқалдардың қаласы» деген түсінік қалыптасқан. Осы сөз қаншалықты рас? Жас әрі әдемі, көркіне көз тоятын арулардың бір күндік құны қанша? Жас сұлулар неліктен жеңіл ақшаға қызықты? Олардың айтатын негізгі себебі: күйбең тірліктен шаршағаны деп мәлімдейді Sn.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Арна тілшілері арнайы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, ондаған бойжеткен қалтасы ақшаға толы «ағашкалардың» ашынасы болуға қарсы емес екенін білдірген.

Айнұр есімді бойжеткен өзінің заң орнында жұмыс жасайтынын, бүгінде бір баланың анасы екенін жасырмай айтты. Сондай-ақ ол айналасындағы құрбыларының шенеуніктердің тоқалы екенін де жайып салды. Айнұр есімді кейіпкер күніне 50 мың теңге алатын болып шықты.

Балғынбек Имашевтің айтуынша, бүгінгі күннің тоқалы мен бұрынғыны салыстыруға мүлде болмайды. Себебі, қазіргі тоқал жезөкшенің қызметін атқарады екен.

«Тоқал деген сөз өз мағынасын жоғалтты. Қазір, тоқал десе бүкіл әйел затының шашы тік тұрады. «Тоқал деген біреудің күйеуін тартып алатын, пайдаланып ақшасын алып кететін, жеңіл жүрісті қыздар» деген пікір қалыптасқан», – дейді ақын.


Оқи отырыңыз:

Атырауда жол апатынан жүргізуші қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілді 

Дауыл салдарынан Астанаға келген шығын мөлшері анықталды 

Бүгін әлемді аузына қаратқан Димаштың туған күні