Балиде Қосылмау қозғалысының 16-шы конференциясы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балиде Қосылмау қозғалысының 16-шы конференциясы өтті

Балиде Қосылмау қозғалысының 16-шы конференциясы өтті

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың басшылығымен Қазақстан делегациясы Қосылмау Қозғалысының Сыртқы істер министрлері 16-ыншы конференциясына және 50 жылдығына арналған мерейтойлық кездесудің Балиде өткен ( Индонезия) жұмысына қатысты,

  • 1 Маусым 2011
  • 451
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Конференцияға Қосылмау Қозғалысы 95 мүше-мемлекеттерінің, 14 бақылаушы елдердің, қатарына БҰҰ, ИКҰ, Араб мемлекеттері лигасы секілді 30-ға жуық халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияны Индонезия Республикасының Президенті Сусило Бамбанг Юдойоно құттықтау сөзбен ашты. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун делегаттарға арналған жазбаша үндеу жолдады.

Форумда сөз сөйлеген делегация басшылары қарусыздану мен халықаралық қауіпсіздік, бітімгершілік, адам құқықтары және демократия салаларындағы прогресстің өзектілігін қуаттай отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогты алға тартуға шақырды. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және көші-қон процесстері салаларындағы жағдайларға қатысты алаңдаушылық танытылып, Қозғалысқа мүше елдердің тұрақты экономикалық дамуына айтарлықтай көңіл бөлінді.

Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде Қазақстан Қосылмау Қозғалысының принциптері мен мақсаттарына ортақтасатынын және біздің еліміздің тату көршілес және өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген бейбіт сыртқы саясаты Қосылмау Қозғалысына мүше мемлекеттер тарапынан Қазақстанға деген сенімнің артуына ықпал жасайтынын атап өтті.

Қ.Сарыбай қатысушы тараптарды Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Ядролық қарусыз әлем жалпы декларациясын қабылдау туралы бастамасымен таныстырды. Аталған декларацияға сәйкес, барлық елдердің ядролық қарусыз әлемге біртіндеп жақындауға деген жігері айқын көрсетілер еді.

Қазақстанның аймақтық ұйымдарда қатысуға үлкен көңіл бөлетіні жөнінде және ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК және ИКҰ шеңберінде тиімді әрі жемісті ынтымақтастық орнатып отырғаны жөнінде айтылып өтті. Осы орайда қазақстандық дипломат 2011 жылы 28-30 маусым аралығында Астанада Ислам Конференциясы Ұйымының мүше-мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің 38-інші кеңесі өтетінін хабарлай отырып, Қазақстан өз төрағалығы кезінде ИКҰ мен Қосылмау Қозғалысы арасындағы ынтымақтастықты бір ізділікке түсіруге ықпал жасайтындығын атап өтті.

Конференция өз жұмысының нәтижесі бойынша халықаралық жағдайға, халықаралық құқыққа шолу жасалған Қорытынды құжат қабылдады. Қосылмау Қозғалысы жұмысының ролі мен әдісі көрсетілді. БҰҰ жүйесінің институционалдық реформасы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Конференция аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Сарыбай бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Индонезия Сыртқы істер министрі Марти Наталегава, Әзербайжан министрі Э.Мамедьяров, Бруней министрі Даруссалам Ханзада Мохаммед Болкиах, Ирак министрі Хошиар Махмуд Зебари, Иран министрі А.Салехи Астанада өтетін форумға жеке қатысуға ниет танытып отырғандарын қуаттап, ИКҰ СІМ Кеңесі жемісті өтетініне сенім артты.

Гвинея Сыртқы істер министрі Бисау Аделино Мано Квета және Шри Ланка министрі Г.Л. Пейрис, Вьетнам, Колумбия, Сирия, Марокко сыртқы саяси ведомстволары басшыларының орынбасарлары Қазақстанмен саяси байланыс пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделіліктерін танытты.

Соңғы жаңалықтар