Балхаш, Астана және Талдықорғанда әскери қару -жарақтар табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балхаш, Астана және Талдықорғанда әскери қару -жарақтар табылды

Балхаш, Астана және Талдықорғанда әскери қару -жарақтар табылды

Астана. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Балхаш, Астана және Талдықорғанда әскери қару -жарақтар табылды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Наурыз 2008
  • 575
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Балхашта жер үйлердің бірінің ауласында 27 наурызда сағат 11.00 снарядтар табылды.

«Арнайы өткізілген шаралар кезінде, табылған заттар гильзалары мен жарылғыштары жоқ артиллериялық снарядтардың 10 тонна қалдықтары екендігі белгілі болды. Снарядтар табылған жер ҚІІД қоршауға алынып, оның қауіпсіздігін тексеру мәселесі шешіліп жатыр», — деп хабарлайды ТЖМ.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлағанындай, Астана қаласының тұрғыны №20 жер үйге жақын жатқан территориясында минаға ұқсас затты тапқан. Арнайы өткізілген шаралар кезінде бұл әскери оқу жаттығулары кезінде танкке қарсы қолданылатын ТМ-62 МУ минасы екендігі анықталды.Жарылғыш зат әскери полиция қызметкерлерімен тәркіленді.

Сондай-ақ, Талдықорғанда 27 наурызда 19 сағат 50 минутта жергілікті тұрғындар қараусыз қалған политехникалық колледжі ғимаратының аймағында гранатаға ұқсас затты тауып алған. Арнайы тексеру жұмыстары кезінде бұл оқу жаттығуларына арналған Ф-1 гранатасы екендігі анықталды. Граната ҚІІД тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті