Балхаш балығының тканьдері құрамындағы ауыр металл мөлшері шектеулі көрсеткіштен бірнеше есе артық- прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балхаш балығының тканьдері құрамындағы ауыр металл мөлшері шектеулі көрсеткіштен бірнеше есе артық- прокуратура

Балхаш балығының тканьдері құрамындағы ауыр металл мөлшері шектеулі көрсеткіштен бірнеше есе артық- прокуратура

Прокурорлық тексерулер материалына сүйенсек, соңғы 10 жылда Балхаш суынан ауланған балықтар тканіндегі мырыш мөлшері 11 есе, хром мөлшері 13 есе, никель мөлшері 2 есе артық болып шыққан. Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасында өткен қысқаша баспасөз мәслихатында облыстық прокурордың орынбасары Бағбан Тайымбетов журналистерге хабарлады.

  • 27 Ақпан 2004
  • 911
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «әзірге балхаш балығын жеуге болады, бірақ осынау бірегей көлдің ахуалы жыл өткен сайын мүшкілденіп барады». Прокуратура ақпаратына сәйкес, Балхаш өнеркәсіп кешені жыл сайын көлдің 220 шаршы шақырымды құрайтын су айдынына 1800 тонна шаң-тозаң, соның ішінде 140 тонна мыс, 120 тонна қорғасын мен 135 тонна мырыш төгеді. Тұтастай алғанда, 600 тоннадай зиянды микроэлементтер мен ауыр металдар суға еріп, көл түбіне шөгеді екен.

Сондай-ақ, Б.Тайымбетовтың айтуынша, көлде «табиғатқа қаскөйлік жасау құбылысы белең алып тұр». Тек соңғы үш жылда балықтар уылдырық шашатын маусымда заңсыз балық аулауға байланысты 181 қылмыстық іс қозғалған.
Қарағанды облыстық прокуратурасы Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында Балхаш көлін пайдалану жағдайына кешенді тексеру жүргізу және тексерулер қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісін өткізу туралы ҚР бас прокуратурасына ұсыныс жолдамақшы.