Балхашта тұңғыш рет мыс қорытыла бастауына 65 жыл толу мерейтойына арналған шара өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балхашта тұңғыш рет мыс қорытыла бастауына 65 жыл толу мерейтойына арналған шара өтеді

Балхашта тұңғыш рет мыс қорытыла бастауына 65 жыл толу мерейтойына арналған шара өтеді

28-қарашада Балхаш тау-кен-металлургия комбинатында тұңғыш рет мыс қорытыла бастауына 65 жыл толу мерейтойына арналған салтанатты шара өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Қараша 2003
  • 729
Фото - Caravan.kz

«Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Балхаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің бас директорының орынбасары Қасымхан Ахметовтың хабарлауынша, 1938-жылдың 24-қарашасында Балхаш тау-кен-металлургия комбинатында тұңғыш рет мыс қорытпасы алынды. Осынау тұңғыш құйма қазір Мәскеудегі Төңкеріс мұражайында сақтаулы тұр. Балхаштықтар комбинат тарихы мен онда алғашқы мыс балқытып шығарған Уралдық ағалы-інілі металлургтар Лошкаревтар, В. Баранов, А. Вепрев, В. Гужавин, М. Трофименко, Ф. Гундиндердің есімін құрмет тұтады. Содан бері 65 жыл өтсе де, балхаштықтар сол бір алғашқы еңбек ерлерінің үрім-бұтақтарын іздеп тауып, салтанатты шараға шақыруды көздеп отыр,- деп мәлімдеді Қ.Ахметов.

1997-жылдан бері Балхаш тау-кен-металлургия комбинаты «Қазақмыс» корпорациясының құрамына енген. 1999-жылдан бері металлургиялық өнеркәсіп жылына 200 мың тоннадай катод мысын шығарып келеді.
Балхаш тау-кен-металлургия комбинаты «Балхаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінің негізін құрайды. Оның құрамына қазіргі жағдаймен жуырда ғана пайдалануға берілген мырыш зауытымен бірге 4 ірі зауыт пен үш кен орны қамтылады. Бұл құрылымда 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар