Бәлкім сіздің артыңыз екі есе сасық шығар... - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бәлкім сіздің артыңыз екі есе сасық шығар...

Бәлкім сіздің артыңыз екі есе сасық шығар...

Желі қолданушысы өзгенің өмірін өзекті тақырыпқа айналдыратындарды сынға алды.

  • 1 Ақпан 2019
  • 219
Фото - Caravan.kz

Подъезді темірмен құрсаулап, "домофон" атадық. Беттің сыртын тональный жағып, "мейкап" дедік. Иекті сақалмен көмкеріп , басты хиджабпен жаптық. Қолды телефонмен құрсаулап, көтенді көлікке бастық. Кіндікті пирсингпен тығындадық. Ұшарыңды жел, қонарыңды сай біліп ұшаққа жармастық. Көкпен таласқан зәулім үй, зәулім сарай соғылып жатыр . Дамып келе жатырмыз. Тек тілге тиек, жаққа қақпақ болмай тұр. Ішкі жандүниеміз неге лай? Сіз біреуді ғайбаттап жатса, қосыла кетесіз бе? Әлде?…
Біреудің "өмірін өзекті мәселеге" айналдырар бұрын, жеке басыңызға үңіліп көріңізші. Бәлкім сіздің артыңыз екі есе сасық шығар…

Бұл туралы Құралай Сейсенбекқызы өзінің жеке
парақшасында
жазды.

Соңғы жаңалықтар