Балконда тұрған зейнеткерді жел ұшырып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балконда тұрған зейнеткерді жел ұшырып кетті

Балконда тұрған зейнеткерді жел ұшырып кетті

Ресейдегі Сахалин облысының Шахтерск қаласында зейнеткер қатты соққан боранның салдарынан 4 қабаттағы балконнан құлап кеткен.

  • 26 Желтоқсан 2017
  • 157
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қарт әжей қатты соққан боранның салдарынан тепе-теңдігін сақтай алмай, төртінші қабаттың балконынан құлап кеткен. Қазір зейнеткер түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр», — деп хабарлайды емдеу мекемесі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, 70 жастағы кейуана балконға темекі тартуға шыққан. Қалың жауған қардан жедел жәрдем оқиға орнына жете алмаған. Сол себепті балконнан құлаған әжей ауруханаға жүк тиейтін шөмішпен жеткізілген.


Сахалинде екі күннен бері күшті циклон болып, желдің жылдамдығы секундына 40 метрге дейін жетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар