«Қазіргі кезде бірқатар сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде», — деп ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлімдеді.
Осы қылмысқа күдікті «Сұңқар» қожалық шаруашылығының басшысы Юрий Крылов өзіне қол салған.
Ю.Крылов пен оның құрбандары бірін-бір танитын. Олар араздасып қалған. Фирма қызметкерлері Ю.Крылов заңсыз балық аулайды деп күдіктеніп, прокуратура мен өзге сот сатыларына бірнеше рет шағым жазған.
Сенбі күні полиция қызметкерлері мен құтқарушылар өртенген «Уаз» көлігін тауып алған. Оның ішінде «Балқаш балықтың» төрт қызметкерінің мәйіті табылған. Полиция қызметкерлері күдікті Ю.Крыловтың үйіне жауап алмақ болып келгенде ол өзіне оқ атып өлген.