Бұл туралы облыстық білім басқармасынан хабарлады, деп жазады КазАқпарат.
«Балқаштағы ауруханада болған нәресте сәбилер үйіне тапсырылды. Оның анасына қатысты кәмелет жасқа толмаған баланы саудалады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қамқоршы органы оны ата-ана құқығынан айыру үшін құжаттар жинап жатыр», — деп хабарлады білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Дәрігерлердің ақпаратынша, қыздың дені сау.
Бұрын облыстық ІІД сілтеме жасап хабарланғандай, Балқашта 2 жасар қызын 30 мың теңгеге сатпақ болған 22 жастағы әйел ұсталды. Тәртіп сақшылары сатып алушы ретінде барған.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 135 бабы 1 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Анасының кінәсі дәлелденген жағдайда ол 5-тен 7 жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін. Мүлкі тәркіленеді.