Бангкоктағы жарылыстан зардап шеккендер саны отыз адамға жуықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бангкоктағы жарылыстан зардап шеккендер саны отыз адамға жуықтады

Бангкоктағы жарылыстан зардап шеккендер саны отыз адамға жуықтады

Бангкокта үкіметке қарсы наразылық шарасы өткен жерде болған жарылыс кезінде жарақат алғандар саны 28 адамға жетті.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 246
Фото - Caravan.kz

АП агенттігінің хабарлауынша, таяуда белгісіз біреу демонстранттарға қарсы оқ атып, бір адамды ауыр жарақаттаған. Ал, жұма күні акция өтіп жатқан жерге жарылғыш зат лақтырылып, салдарынан бір адам қаза тапқан болатын.

Қаңтардың он үшінен бастап оппозиция ауқымды наразылық шараларын бастады. Олардың мақсаты – мемлекеттік мекемелер мен елдің негізгі магистральдарындағы қоғамдық көлік қозғалысын шектеу.