Банк жүйесінің тұрақсыздығы зейнетақы қорларына теріс әсер етуі мүмкін - ҚР Ұлттық банк - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банк жүйесінің тұрақсыздығы зейнетақы қорларына теріс әсер етуі мүмкін - ҚР Ұлттық банк

Банк жүйесінің тұрақсыздығы зейнетақы қорларына теріс әсер етуі мүмкін - ҚР Ұлттық банк

Астана. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Банк жүйесінің тұрақсыздығы зейнетақы қорларына теріс әсер етуі мүмкін. "Оңтүстік Корея тәжірибесі негізіндегі әлемдік капитал нарығындағы дағдарыс жағдайында жасалатын мемлекеттің тұрақтандыру шаралары" атты жиналыс барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Наурыз 2008
  • 691
Фото - Caravan.kz

«Банк жүйесінде тұрақсыздықтың туындауы қаржы нарығының өзге де сегменттеріне теріс әсер етуі мүмкін. Өйткені, сала субъектілерінің бір бөлігі банктердің еншілес ұйымдары болуымен немесе банк конгломераттарының құрамына енуімен байланысты. Бұдан, әсіресе, банктердің қаржылық аспаптарының айтарлықтай бөлігі жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфелінде тұруы салдарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары айтарлықтай зардап шегуі мүмкін», — деп мәлімдеді Ә. Сәйденов. Ол кез келген дамып келе жатқан елдердегі секілді Қазақстанда да банк жүйесінің тұрақсыздығы ұлттық валютадан бас ала қашуды тудыруы мүмкін екендігін атап көрсетті. «Мысал ретінде жаһандық қаржы дағдарысы туралы хабарға елеңдеген халық арасында тараған девальвация туралы алып-қашпа сөзді келтірсек те болады», — деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.

Ә. Сәйденов экономикаға инфляциялық қысымның өсуі және банктің ликвидтілігінің жеткілікті болмауы жағдайында Ұлттық банк 2007 жылы банк жүйесінің тұрақтылығын сақтау шаралары мен баға тұрақтылығын сақтау шаралары арасында басымдық белгілеу қажеттігінің алдында қалғанын еске салды.

«Проблема осы аталған шаралардың қандай да бір деңгейде бір-біріне қарама-қайшы болуында. Банк жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін ликвидтілікті арттыру, ал инфляция деңгейін төмендету үшін оны азайту қажет болды. сондықтан, Ұлттық банк банк жүйесінің тұрақтылығын сақтау жолын таңдады», — деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Ә. Сәйденов Ұлттық банк орта мезгіл ішінде қатаң ақша-несие саясатынан ауытқып, банк жүйесінің дамуын қолдауды қолға алуды жоспарлап отырғанын еске салды. Бұл экономикалық өсім баяулаған кездегі ең дұрыс деген шешім болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті