БАҚ туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы 21-қазанға белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАҚ туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы 21-қазанға белгіленді

БАҚ туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы 21-қазанға белгіленді

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы 21-қазан, сейсенбіге белгіленді,- деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.

  • 15 Қазан 2003
  • 767
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 25-қыркүйекте мәжіліс депутаттары мен электрондық БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен «»Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР заңы» — Қазақстандағы БАҚ рыногінің іс-қызметін реттеуші негізгі үйлестіруші» тақырыбындағы дөңгелек үстелде сөз сөйлеген аталмыш заң жобасы бойынша мәжілістен құрылған жұмыс тобының жетекшісі Әбдіжәлел Бәкір журналистерге заң жобасына қатысты нақты ұсыныстар мен ескертпелерді жұмыс тобына жолдауды ұсынған болатын. Осы орайда Ә.Бәкір «кейбір мәселелер заңда көрініс таппай қалуы мүмкін екенін » ескертіп өткен. «Біз қазір жаңа қоғам құру жолының ең бастамасында тұрмыз, сондықтан бұл сатыда БАҚ-тарды белгілі дәрежеде реттеу қажеттігі даусыз»,- дейді ол.

Оның айтуынша, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасы мәжілістің жалпы отырысына желтоқсан айында шығарылуы мүмкін. Алайда, егер бұл мерзімге дейін заң жобасы дайын болмаса, жұмыс тобы оны одан әрі де қарай береді,- деді депутат.

Соңғы жаңалықтар