БАҚ-тардағы үгіт-насихат материалдарының санымен "Нұр Отан" және ЖСДП партиялары алда келеді - ОСК - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАҚ-тардағы үгіт-насихат материалдарының санымен  "Нұр Отан" және ЖСДП партиялары алда келеді - ОСК

БАҚ-тардағы үгіт-насихат материалдарының санымен "Нұр Отан" және ЖСДП партиялары алда келеді - ОСК

АСТАНА. 6 тамыз. Kazakhstan Today. Мониторинг мәліметтеріне сәйкес, БАҚ-тардағы үгіт-насихат материалдарының санымен "Нұр Отан" және ЖСДП партиялары алда келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов дипломатиялық миссиялар мен халықаралық байқаушылар өкілдеріне арналған брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Тамыз 2007
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Әлеуметтік технологиялар орталығы атты тәуелсіз талдамалық құрылымның мәліметтері бойынша, 2-тамызда эфирге шығарған материалдардың санымен «Нұр Отан» және ЖСДП партиялары алда келеді, бұл партиялар тиісінше 29 және 20 материал берген. «Руханият» партиясы -20 , «Ақжол» демократиялық партиясы — 15 материал берген, -деді Қ. Тұрғанқұлов.

«Уақыт көлеміне қарай бірінші орында — «Нұр Отан» мен Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы тиісінше 2510 және 2010 секундпен алда тұр. Бұдан кейінгі орындарда «Руханият», «Ақжол» демократиялық партиясы, ЖСДП тұр», — деді ОСК.

Қ. Тұрғанқұловтың айтуынша, ОСК 26 баспа, 8 республикалық электрондық БАҚ-тар мен 16 веб-сайтқа мониторинг жүргізуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті