Жарияланды: 2000

Бақыт Беделхан Ұйғыр ауданы туралы: Ұйғыр үйін сатса, қазаққа сатпайды. Себебі, жерді алып қалу керек!

Бақыт Беделхан Ұйғыр ауданы туралы: Ұйғыр үйін сатса, қазаққа сатпайды. Себебі, жерді алып қалу керек!

Белгілі ақын-драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, Ұйғыр ауданы туралы өз ойын айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Сұхбат барысында ол жазушылар одағы туралы, дін туралы және ұйғыр халқы туралы өз ойын айтты.

"Қызығы мынада: ұйғыр үйін сатса, қазаққа сатпайды. Себебі, жерді алып қалу керек. Қазақ үйін сатса, екі есе бағасына екі-үш ұйғыр жабылып сатып алады. Бұл – өте қауіпті жағдай. Тепе-теңдікті ұстап тұрған қазақты ығыстыру. Бір жағынан ол ұйғыр халқының пысықтылығы, мықтылығы және ұлтжандығы. Қазақта ұлттық намыс жоқ. Мен ауылдан көшкен біраз азаматтарды білемін "Қара шаңырақ қой, ертең келесің ғой", - десең "Жоқ", дейді. Оны қазақ алмайды, ұйғыр алады", - деді Бақыт Беделхан.

Ақын сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы да өз ойын айтты.

"Елбасы батыр. Оның батырлығы да, азаматтығы да, ақындығы да, батылдығы да бәрі бар адам. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлылығын уақыт айтады", - деді Бақыт Беделхан.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін