Бақыт Сұлтанов Астанадағы орташа жалақы мөлшерінің 230 мың теңге екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақыт Сұлтанов Астанадағы орташа жалақы мөлшерінің 230 мың теңге екенін айтты

Бақыт Сұлтанов Астанадағы орташа жалақы мөлшерінің 230 мың теңге екенін айтты

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов елордадағы орташа жалақы көлемін атады.

  • 9 Қаңтар 2019
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қала басшысы 2018 жылдың қорытындысы және 2019 жылдың жоспарына арналған қала активімен кеңейтілген аппараттық кеңес барысында айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Сұлтановтың сөзінше, 20 жыл бұрын елордадағы орташа жалақы 10 мың теңгеге де жетпеген.

«Егер 20 жыл бұрын орташа жалақы құны 10 мың теңгеге де жетпесе, қазіргі кезде 230 мың теңгеден жоғары. Жұмыссыздық деңгейі 1998 жылдан бері 12,8%-дан 4,5%-ға азайды, бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш болып табылады», – дейді қала басшысы.

Сонымен қатар елорда әкімі соңғы жиырма жыл ішінде қала аумағы 3 есеге және тұрғындар саны 4 есеге артқанын атап өтті.


«20 жыл ішінде Астана Елбасының бастамаларының жүзеге асуы және мемлекеттің тәуелсіздігінің символына, Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірінің орталығына айналды. Аталмыш кезеңде қала аумағы 3 есеге, құрылыс көлемі 19 есеге, тұрғындар саны 4 еседен аса жоғарылады (1997 ж – 300,5 мың адам, 2018 ж – 1065,9 мың адам)», – дейді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар