Бақытжан Сағынтаев Қызылордада «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақытжан Сағынтаев Қызылордада «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысымен танысты

Бақытжан Сағынтаев Қызылордада «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысымен танысты

«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында іссапармен жүр.

  • 7 Қараша 2012
  • 336
Фото - Caravan.kz

Б.Сағынтаев партияның Шиелі ауданындағы бастауыш партиялық ұйымының есеп беру жиналысына қатысты. Сондай-ақ «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автомагистралінің Белкөл қыстағының маңындағы теміржол өткелінде болып, аймақтағы жұмысшылармен жүздесті. Кездесуде партия мүшелері Бақытжан Сағынтаевқа уақытылы жалақының төленуі және жұмыс қағидаларының сақталуы жөнінде ақпарат берді.

Мұнан кейін «Нұр Отан» Төрағасының бірінші орынбасары Шиелі ауданындағы жартылай полиэтеленді пластмассалық құбырларды өндіруші «Полихимпродук» ЖШС-нің жұмыс процессін көрді.

Өңірге сапарының екінші күнінде Бақытжан Сағынтаев «ҚазАтомӨнеркәсібі» акционерлік қоғамының қолдауымен өткен жылы салынған мүгедек балаларға арналған «Мейірім» интернатында болды.

Айта кетейік, Қызылорда облысы бойынша 254 партиялық бақылау бекеті жұмыс жасайды. Олардың басым бөлігі барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша қалпына келтіру жұмыстары мен құрылыс нысандарын қамтиды. Оның ішінде ҮИИД — 4, 100 мектеп, 100 аурухана — 15, «Ақ бұлақ» — 2, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту — 47, тұрғын үй бағдарламасы — 9, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жобасы — 15, басқалары — 103. Қалғаны 59 — үнемі пәрменді бекеттер ЕНСЗ, қажетті азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жасау, «Жұмыспен қамту — 2020», «Балапан» бағдарламасы.

Соңғы жаңалықтар