Барахолка саудагерлері сот орындаушыларына қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барахолка саудагерлері сот орындаушыларына қарсы шықты

Барахолка саудагерлері сот орындаушыларына қарсы шықты

Бүгін барахолканың саудагерлері базарды сүріп тастауға келген сот орындаушыларына қарсы шықты. Жолайрық салу үшін қаңтарға дейін босатылуы тиіс сауда орындарын олар өліспей бермейміз деп отыр. Себебі басқа орын қарастырылмай далада қалу қаупі бар екен. Ал базар директорының тағы екі ай мұрсат береміз дегеніне саудагерлер оған сенген жоқ.Өйткені қала әкімдігі қаңтар айында даулы жерде жол құрылысын бастауды жоспарлап қойған. 

  • 2 Қараша 2013
  • 348
Фото - Caravan.kz

Барахолкадағы жұрттың бүгін арыны қатты. Үш бірдей базардың саудагерлері әсіресе сот орындаушыларына ашулы. Сауда нүктелерін сүріп тастаймыз деп келіп, ақша жинайтындар соңғы кезде тіпті жиіледі дейді наразы топ. Сондай-ақ олар құрғақ уәдемен алдап келген әкімдікке де өкпелі.

Аягөз Иманбаева, Саудагер:

Сіздерге көшедегі анау-мынау күрке емес, күшти бутиг салып беремиз деді. Міне салып берді будкасын, енді қарашаның 20-да бір-ақ жыл болады. Сонда әкімдер ай қарап отырды ма? Осыны неге уақытында салдырды?! Қанша халықты алдады.

Тек «Ұлыгердегі» 110 нүктенің әрқайсысы кемінде 150 мың доллардың тауарын алып үлгерген. Сондықтан базардың көшірілуін кейінге шегеруді сұрап отыр. Яғни саудасын тоқтатпай, жаңа орын іздеп тапқанша мұрсат берсе дейді.

Эльмира Ұзынбекова, Саудагер:

— Базардың директорын айттыңыздар, ол көзімізше сен жақсы, барлығы жақсы болады дейді. Міне, жақсы болғаны. Ұят болса да көрсетейін. Жақсы болмайды. Бетімізге күліп, орныңа бара бер дейді. Ақшаңды бере бер, ақшаңды бере бер дейді.

Жарық пен орын үшін қараша айына төлемақы жинап үлгерген базар басшылығы өздерін де жәбірленушіге балап отыр. Дегенмен алдағы екі ай ішінде контейнерлер орнынан қозғамауға уәде берді.


Бағигүл Бәлімбаева, «Ұлыгер» базарының директоры:

Мен қазір базар орнында қалады деп ешкімге кепілдеме бере алмаймын. Сот орындаушылар келесі сәрсенбіде келіп, базарды көшірмейтіні ғана анық. Аудандық әкімдікте болған кездесуде сіздерге екі ай мерзім берілетіні айтылған. Соған ғана сене аламыз.

Осылайша қатар орналасқан Глория, Құлагер және Ұлыгер базарларының басшылығы тек ауызша уәде беріп, сауда орындарының сүріліп тасталмайтындығын жеткізді. Бірақ олар қайткенде де жаңа жылға дейін бұл орындарды босатуларына тура келеді. Себебі әкімдік тарапынан жоспарланған жолайрық құрылысы осы уақытта басталуы тиіс.