Барахолканың саудагерлері тағы шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барахолканың саудагерлері  тағы шу шығарды

Барахолканың саудагерлері тағы шу шығарды

Алматының Барахолкасында тағы шу! Бұл жолы да өрттен кейін дымсыз қалған саудагерлер наразылық білдірді. Бутиктері сүріліп жатқан олар қалдық тауар біткенше сауда жасауға рұқсат етуді талап етуде. Айтуларынша, уақытша тегін деп берген жаңа базарлардағы орындар ақылы болып шыққан. Сондықтан ешқайсының барғысы жоқ.

  • 18 Сәуiр 2014
  • 288
Фото - Caravan.kz

-Өзіміздің сатып алған жеріміз, міне!  Қанша ақшамыз кетті.

Осылай деп күйінген кәсіпкерлер ендігі өртенген базарлардың жанына жайғасып, сауда жасауға мәжбүр. Кейбірі, тіпті, тауарын қолына алып сатып жүр.      

-Мынаны қарашы, контейнерім жанып, қолда көтеріп жүрмін сатып!

Бұл «Ұлыгер» және «Арал» базарларының саудагерлері. Қазір бірінінің орны тып-типыл сүрілсе, екіншісі жартылай бұзылып іші қоқысқа толып тұр. Қабырғасы қирап жатса да, саудагерлер бұрынғы базарды босатпаймыз деп бекінген.        

Аягөз Иманова, саудагер:

— Бала-шағамыз бар, кредит, қалай кетеміз? «Салем» істеп жатыр, «Глория» істеп жатыр, «Болашақ» істеп жатыр, айтыңдар, бәрі істеп жатыр, ал бірақ ешқандай бізге көмек беріп жатқан ешкім жоқ! 

Бас-аяғы тура 228 саудагерге «Өжет» және «Кенжехан» базарларынан жеңілдікпен орындар беріледі деп бастапқыда уәде етілген екен. Алайда, онысының әрқайсысы құнын 12 мың долларға дейін өсіріп жіберген. Енді екі ортада тентіреп қалған саудагерлер өртенген базардан орын сұрап жүр.


-Біздерге 1-ші майға шейін жұмыс берсін, істейміз осы жерде халықтың бәрі. Қайда барамыз?Болмаса өртесін біздерді халықтың бәрін бензин әкеліп.

Қазіргі базардың көрінісі осы. Контейнерлер алынып, жол құрылысы басталған. Саудагерлердің шуынан кейін жеткен шенеуніктер уақытша болса да, бұл арадан орын беруден үзілді-кесілді бас тартты.   

Мұқан Алмасаев, Алатау ауданы әкімдігінің бөлім бастығы:

— Ешқандай жол бойына сауда жасауға болмайды! Ол біріншіден машина жүреді, кептеліс болады, қауіпсіздік шараларын жүргізуіміз керек. Және осы жолдардың бәрін біз жоба бойынша өткізіп беруіміз керек, жоба бойынша құрылыс жұмыстары іске асу керек.

— Орын іздеп сабылған саудагерлер қазір қираған базардың ішін де паналап жүр. Өрттен қалған тауарларын сатып бітіре алмай әлек. Бірақ, бұл тырмысқан тіршіліктің де ұзаққа созылмайтын түрі бар. Өйткені, аз күннен кейін бұл орындар да түгелдей сүріледі.