Барлық өңірде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барлық өңірде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады

Барлық өңірде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады

Қазақстан аймағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерге қар жауып, бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

  • 19 Желтоқсан 2016
  • 559
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде желдің күші секундына 15-20 метр болады. Таң ата және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 метр/секундқа дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 метр/секундқа дейін жетеді.

Алматы облысының бірқатар аймақтарына тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде желдің күші 15-20 метр/секунд болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата кей аймақтарға тұман түсіп, көктайғақ болып жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түсіп, желдің күші секундына күндіз 15-20 метр, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің күші 15-20 метр/секундқа дейін жетеді.


Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, күндіз жел секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің күші ұйытқуы секундына 15-20 метр болады.

Маңғыстау облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар