Мұндай қадамға Барселона жүргізушілері Аспанасты елінен туристер ағыны елеулі көбейе түсуіне орай барып отыр. Курсты MyTaxi жолаушылар тасымалдау кәсіби жүргізушілері қауымдастығы мен Испанияда қытай туризмін дамытумен айналысатын Chinese Friendly International компаниясы ұйымдастырды.
Қытай туристері жыл өткен сайын көбейіп отырған жағдайда таксистер осы елдің тілін үйренуге мәжбүр, әйтпесе нарықтағы өз үлестерінен айырылып қалуы мүмкін.
Бастапқы курсқа клиенттермен қарым-қатынастарда жиі пайдаланылатын сөздер мен сөз орамдары енгізілді. Олармен түсінісу қиын болған жағдайда таксистер смартфондарға жазылған қосымшаларды пайдалана алады. Сонымен қатар олар Қытайдың мәдениеті мен дәстүрлеріне қатысты негізгі ақпараттарды да оқып-үйренуде. Такси жүргізушілердің тілегіне орай олар қытай тілін одан әрі тереңдете үйрететін тегін курстарға да жазыла алады.