Бас прокуратура Алматы қалалық сотының Қарасу ауылының тұрғындарын көшіру туралы шешімнің орындалуын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура Алматы қалалық сотының Қарасу ауылының тұрғындарын көшіру туралы шешімнің орындалуын тоқтатты

Бас прокуратура Алматы қалалық сотының Қарасу ауылының тұрғындарын көшіру туралы шешімнің орындалуын тоқтатты

АЛМАТЫ. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Бас прокуратура Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының өз еркімен басып алды-мыс деген желеумен Қарасу ауылының тұрғындарын көшіру туралы шешімнің орындалуын тоқтатты. Бұл туралы кеше өткен брифингте Алматы прокурорының орынбасары Бағбан Тайымбетов мәлім етті.

  • 1 Тамыз 2007
  • 401
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 31-шілдедегі қаулысымен аталмыс іс бойынша сот шешімін орындау Азаматтық-процессуалдық кодекстің 396-бабына сәйкес тоқтатылды»,- деп мәлім етті Б. Тайымбетов. Ол, «Абажур» ЖШС Қарасу аулының 13 отбасына қатысты шағымы бойынша оларды көшіру және заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзу туралы азаматтық істі қала прокуратурасы қадағалау тәртібінде тексеру үшін сұрап алған.

«Біз барлық азаматтық істерді зерделейміз. Егер прокуратура қандай да бір заң бұзушылықты анықтаса, онда біз қарсылық жасаймыз»,- деп қосты Б. Тайымбетов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл үйлердің тұрғындарында Жетісу ауданы әкімінің 1998 жылдың шілде-қыркүйек айларында қол қойған жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған жер телімін бөлу туралы шешімі бар. 2005 жылы Алматы әкімінің орынбасары Яков Заяц Қарасу тұрғындарына үй құрылысын заңдастыруға уәде берген.

2006 жылдың басында тұрғындар жер комиссиясы мен мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссияға жер телімдеріне деген құқықтарын рәсімдеу мәселесіне қатысты екі рет өтініш жазған, бірақ олардың өтініштері қанағаттандырылмаған. 2006 жылдың маусымында бұл жерлерді қала басшылары аукционда «Абажур» ЖШС-не сауда-коммуналдық нысан салуға 70 млн теңгеге сатқан.

Бірақ, Қарасу тұрғындарының ақпараттары бойынша, «Абажур» ЖШС меншік құқығын рәсімдегеннен кейін мақсатына қарамастан, бұл жер телімін бастапқы бағасы 7 млн АҚШ доллары бойынша сатуға шығарған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті