Бас прокуратура: "Азаматтарға арналған үкіметте" бос жатқан жерлер туралы ақпарат жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура: "Азаматтарға арналған үкіметте" бос жатқан жерлер туралы ақпарат жоқ

Бас прокуратура: "Азаматтарға арналған үкіметте" бос жатқан жерлер туралы ақпарат жоқ

Бос жатқан жерлер туралы халықты ақпараттандыру бойынша шетелдік тәжірибені ескеру керек

Қазіргі уақытта "Азаматтарға арналған үкіметтің" интернет-ресурсында еліміздегі бос жатқан жерлер туралы ақпарат жоқ. Бұл орайда бос жерлер туралы халықты ақпараттандыру бойынша шетелдік тәжірибені ескеру керек, дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңның іске асырылу барысы талқыланған отырыста Андрей Кравченко Бас прокуратураның ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуға өз үлесін қосып жатқанын атап өтті. Прокурорлар мемлекеттік органдардың аталмыш заңды орындауын қадағалап отыр. "Кейбір жайттарды зерделеп жатырмыз. Мәселен, жақында біз халық үшін бос жерлер туралы мәліметтің қаншалықты қолжетімді екенін зерттедік. "Азаматтарға арналған үкіметтің" интернет-ресурсында аудандар мен қалалардың жер-кадастр схемалары апта сайын жаңартылып отырады. Бірақ бос жатқан жерлер туралы мәлімет жоқ. Ал мұндай ақпарат жазбаша түрде түскен сауал бойынша үш күнде беріледі екен.

  • 1 Маусым 2017
  • 274
Фото - Caravan.kz


Дегенмен, біздің ойымызша, шетелдік тәжірибені ескеру керек. Жақын көршіміз Әзербайжан жыл сайын халықты бос жатқан жерлер туралы ақпараттандырады. Ал Беларусь көп ұзамай осындай мәліметті электрондық жер картасында жариялауды жоспарлап отыр", — деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары. Оның айтуынша, осы заңды қабылдап, елімізде ашықтықты жақсарта түсудің нәтижесінде БҰҰ-ның "Адамдарға арналған электронды үкімет" рейтингісінде өткен жылы Қазақстан 193 мемлекеттің ішінде 33-ші орынға жайғасқан. Ал желілік дайындық индексі бойынша біз 139 елдің ішінде 39-шы орындамыз.

 

Соңғы жаңалықтар