«Бас прокуратура тарапынан қандайбір мүдделілік немесе қызығушылық жоқ. Прокуратура органдары басқа мемлекеттік органдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз, жоғарғы қадағалау жүргізеді», — деп мәлімдеді С. Нұрпейісов.
«Егер қандайбір заң бұзушылық болса, онда біз әрине, заң шеңберінде шара қолданамыз», -деді ол.
С. Нұрпейісов сайлау заңнамасы нормаларын бұзу оқиғалары үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексте тиісті жаза қарастырылғанын еске салды. Дегенмен, ол «прокуратура органдары қазіргі таңда қатаң шара қолдана қоймағанын» атап өтті. «Әзірге алдын алу сипатындағы шаралар ғана қолданылуда», — деп мәлімдеді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті