Бас прокуратура менингит туралы жалған хабарлама таратқандармен айналысады - Біртанов - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура менингит туралы жалған хабарлама таратқандармен айналысады - Біртанов

Бас прокуратура менингит туралы жалған хабарлама таратқандармен айналысады - Біртанов

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Бас прокуратура менингит туралы жалған хабарлама таратқандармен айналысатынын мәлімдеді. 

  • 4 Маусым 2018
  • 168
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Біртановқа журналистер мынадай сұрақ қойды: Бұл менингок инфекциясынан қайтыс болғандардың фонында жеке вакцина тасымалдаушылардың лоббилеу әдісі емес пе? "Лоббилеуге қатысты бұл мәселеге байланысты… Бас прокуратура тергеу бастады. Осы жағдайға қатысты заңбұзушылықтар болса, оның ішінде жалған хабарлама тарату, оның барлығы да заң алдында жауап беруі тиіс. Ел ішінде даурығуға жол берілмеуі тисі", — деді министр. Біртанов тек расталған мәліметке сеніп, байбаламаға салынбайға шақырды. Осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді. Еске сала кетейік, кеше, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, бүгін Қызылордада 27 жастағы ер адамның менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны айтылды. Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек
 

Ұқсас тақырыптар:

Қазақстанда 12 адам менингиттен көз жұмды

"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды