Бас прокуратура сотталғандардың шетелге кету фактілерін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура сотталғандардың шетелге кету фактілерін анықтады

Бас прокуратура сотталғандардың шетелге кету фактілерін анықтады

Полиция қызметкерлерінің қызметтік міндетін орындауға атүсті қарауы криминалдық есепте тұрған адамдардың емін еркін шетелге бару фактілерінің жиілеуіне себеп болып отыр, деп Бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлімдеді.

  • 13 Қараша 2014
  • 463
Фото - Caravan.kz


«Тексеру барысында есептегі тұлғалардың шет мемлекеттерге емін-еркін шығу фактілері анықталды. Жекелеген аймақтарда мұндай заң бұзушылық әдетке айналған. Мәселен, Жамбыл облысында сотталған тұлғалар Қырғызстанмен мемлекеттік шекарадан үш жүзден астам рет кедергісіз өткен», — деп ол бүгін Астанада ведомствода кеңейтілген алқа отырысында атап көрсетті.
А.Дауылбаевтың айтуынша, бұл заң бұзушылықтар полиция қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне салғырт қарауы, ІІМ тарапынан тиісті ведомстволық бақылаудың жоқтығы салдарынан орын алып отыр.
Бас прокурор Жақып Асанов осы отырыста атап өткендей, «мемлекет басшысы мен қарапайым азаматтар сотталғандар жазасын өтеуі тиіс орындарда емес, Түркия, Әмірлік, Қытайдың жылы жағажайларында өткізетінін естісе қандай күйде болатынын елестету қиын емес», дейді.
Ж.Асанов Атырауда криминалдық есепте тұрған азаматша Оразова Түркияда екі рет болғаны, Солтүстік Қазақстан облысында азамат Бубенов  2014 жаңа жылды Араб Әмірлігінде, есірткі өткізуші теміртаулық азаматша төрт жыл ішінде Түркия, Қытай, Украина, Ресейде 21 рет болғаны туралы фактілер келтірді. «Алайда,  қағаз жүзінде олардың мінез-құлқы, әңгәмелескен туралы және олардың үйде болғаны туралы анықтамалар бар, бірақ барлық есептер (полиция инспекторларының) олар шетелде жүргенде жасалған.