«Осы сағатқа дейін жалпы Қазақстан бойынша прокуратура органдарына 22 шағым түскен, олардың екеуі қанағаттандырылды, сегіз шағым тиісті мекемелерге жіберілді, төртеу қаралу үстінде, ал сегізіне түсіндірме берілді»,- деді ол.
Атап айтқанда, Алматыдан екі шағым, Ақтөбе облысынан — бір, Батыс Қазақстан облысынан — екі, Атырау облысынан — алты, Шығыс Қазақстан облысынан — бір, Қарағанды облысынан — үш, Қостанай және Қызылорда облыстарынан бір- бірден, Маңғыстау облысынан — бес шағым түскен.
«Негізінен бұл шағымда бақылаушылар тарапынан түскен, олар белгісіз себептерге байланысты сайлау комиссиясының қалай жұмыс істеп жатқандығын көре алмай отыр, және де көптеген шағым осы күнге дейінгі түрлі жайттарға қатысты»,- деп түсіндірді А. Кравченко.
«Жалпы біз шағымдардың барлығы назарға алынады, бірақ сайлау процессінің заңдылығына әсер етпейді деп санаймыз. Олардың барлығына жауап беріледі»,- деп қосты ол.
Сонымен қатар Бас прокуратураның өкілі, «жекелеген партиялар, жекелеген үміткерлер және жекелеген бақылаушылар шағым жазу процессіне әуес, тіптен заң бұзушылыққа жатпайтын болымсыз сәттерді тілге тиек етеді»,- деп атап өтті.
«Жалпы, біздің пайымдауымызша, сайлау процессі негізінен сайлау заңының айтарлықтай бұзылуы, сайлаушылардың құқығы, Қазақстан Республикасының сайлау процессіне қатысушы азаматтарының құқығы, үміткерлер мен саяси партиялардың құқығы шектелмей өтіп жатыр»,- деп қорытындылады А.Кравченко.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті