Баспанасын ломбардқа кепілге қойған азамат сан соғып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баспанасын ломбардқа кепілге қойған азамат сан соғып қалды

Баспанасын ломбардқа кепілге қойған азамат сан соғып қалды

Қазіргі таңда олардың қылмысы толығымен дәделденіп, абақтыға тоғытылды.

  • 28 Наурыз 2018
  • 30
Фото - Caravan.kz

Баспанасын ломбардқа кепілге қойып, 13 млн алған Шымкенттік азамат сан соғып қалды. Бүгінде ол сот жағалап жүр. Оның баспанасын өзге адам лолмбард арқылы сатып алған, деп жазады tvk-uko.kz.

Енді Урустемовтердің отбасы, ломбардқа емес өзге тұлғаға қарыздар. Бұл мәселені шешу мақсатында үй егесі Еңбекші аудандық сотына арыз түсірген. Алайда істі жіті қараған судья, үйді сатып алушының еншісіне шешім шығарды. Яғни, жәбірленуші, келісім – шартта көрсетілген қаражатты кері қайтаруы қажет.

Иванова Евгенияның Рәйлә Рустемованың үстінен жазған талап арызы қанағаттандырылсын. Ол, көрсетілген қарызды, яғни, 13 млн 300 мың теңгені қайтаруы тиіс. Және мемлекетке 133 мың теңге шығын өндірілсін. Сондай ақ, Рустемова мен қорғаушы Наймов Байрам жазған шағым жарамсыз деп табылсын.

Естеріңізде болса, қомақты қаржыға үйін кепілге қойған азамат барлық ақшасынан айырылып, жер сипап қалған болатын. Яғни, 2016 жылы 10 қараша күні Рүстемовтар отбасы баспанасын 13 млн- нан астам соммаға кепілге қойып, үйіне қайтқан. Қайтар жолда тәтті алуға дүкенге тоқтаған. Сол мезетте, белгісіз тұлғалар, автомобильде тұрған ақшаны ұрлап кеткен болатын. Бірнеше күннен соң осы іске қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының 3 азаматы қолға түсті.

Қазіргі таңда олардың қылмысы толығымен дәделденіп, абақтыға тоғытылды.


Оқи отырыңыз:

Екі жарым жылдан бері жігітпен жыныстық қатынасқа түспедім деген қыз жұрттан көмек сұрады

"Ең алғаш рет қара нәсілдіге берілдім, нәтижесінде қомақты қаражат таптым" – АҚШ-та порноға түскен қазақ қызы

 

 

 

Соңғы жаңалықтар