"Басшылық арыз жаз деді": Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігіндегі қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Басшылық арыз жаз деді": Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігіндегі қызметінен кетті

"Басшылық арыз жаз деді": Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігіндегі қызметінен кетті

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп жұмысынан кеткенін хабарлады.

  • 16 Шiлде 2020
  • 78
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бүгін менің денсаулық сақтау министрлігіндегі соңғы жұмыс күнім. Басшылық арыз жаз деді. Жаздық. Ер адамның басынан не келіп не өтпейді. Хош.

Ең алдымен барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар!
Артық кеткен кездерім болса — кешірім сұраймын!!!!
Барлық еңбегім — тек халқым үшін.
Ауырмаңыздар! Коронавирусты жеңіп шығайық.
Денсаулық Сақтау министрлігіндегі әріптестеріме, барлық дәрігерлерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тілеймін", — деп жазды Диас Ахметшәріп.

Соңғы жаңалықтар