"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік дәлізі жобасының Қазақстан жағына қарасты бөлігін жүзеге асыруда сыналған технологиялар пайдаланылады - Ахметов
Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік дәлізі жобасының Қазақстан жағына қарасты бөлігін жүзеге асыруда Астана - Щучинск бағытындағы Қазақстан бойынша бірінші автобанды салуда сыналған технологиялар мен материалдар пайдаланылады. Бұл туралы бүгін VII "Трансевразия - 2008" халықаралық конференциясы барысында ҚР көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Қазақстанда қазір жаңаша технологияларды пайдалану негізінде оське түсетін шектеулі жүктеме 13 тоннаны құрайтын жолдар салынуда. Атап айтсақ, ұзындығы 225 шақырымдық Астана - Щучинск тас жолын салуда жаңаша технологиялар мен заманаи материалдарды пайдалана отырып цементті-бетонды жабын төселді", - деді С. Ахметов.
Сонымен бірге, Қазақстан таяу уақыттарда халықаралық маңызы бар және халықаралық стандарттаға сай келетін 2 мың шақыырмға жуық автожолдарды салу және жөндеуді жоспарлауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін