ТЖМ мәліметтерінше, 28 қаңтарда 9 сағат 45 минутта Алматы облысының Сарқанд қаласында жай үйде өрт шығу салдарынан бір адам қаза тапты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен 4 адамының күшімен 10 сағат 05 минутта сөндірілді.
Сонымен бірге, 28 қаңтарда 10 сағат 09 минутта Зеленый ауылында жай үйдегі өрттің салдарынан екі адам қаза тапты. ТЖМ мәліметінше, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен 4 адамының күшімен 11 сағатта сөндірілді.
Бұған қоса, ТЖМ мәліметінше, 29 қаңтарда 1сағат 17 минутта Ақтау қаласында «Автодром» саяжай қоғамының баспаналық вагонында өрт шықты. Өрттен бір адам қаза тапты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен 9 адамының күшімен 2 сағат 46 минутта сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті