Жарияланды: 450

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясына» балалар саяхат жасады

«Жас дәурен» балалар кешені мен облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілері үшін кеше,

13 маусымда «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ға «Біз - Қазақстан болашағымыз» атты саяхат ұйымдастырылды. Шара Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қолға алынған жалпыұлттық жоспар, «Ғылым мен технология» айлығы аясында өткізілді. Облыстық балалар құқығын қорғау департаменті мен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жас жеткіншектерді өндіріске бір табан жақындату мақсатында ұйымдастырған шара барысында балалар зауыттың тыныс-тіршілігімен, ғылыми технологиялармен, машина жасау жаңалықтарымен танысты. Оқушылар өндіріс құрал-жабдықтарын көзбен көріп, мамандықтар туралы сұрап-білді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін