Жарияланды: 530

Батыс Қазақстан облысы мен Шотландияның Абердин қаласы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Оралда Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі мен Шотландияның Абердин қаласының басшылары өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне шотландиялық делегацияның өкілі Джон Рейнальдс хабарлады.

Тараптар мәдени, қайырымдылық және экономика салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Сондай-ақ, шағын бизнес өкілдерінің арасында да өзара қарым-қатынас орнату көзделіп отыр. Джон Рейнальдстің айтуына қарағанда, Абердин қаласы мұнайгаз саласы үшін инфрақұрылым қалыптастыруда мол тәжірибе жинақтаған. Британиялықтар бұл тәжірибесін тек Батыс Қазақстан облысында ғана емес, сонымен бірге Атырауда да қолданысқа енгізбекші.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін