Бұған дейін Батыс Қазақстан облысын Нұрғали Әшімов басқарған.
"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 28 тамыз. ОРАЛ. Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Батыс Қазақстан облысының атқамінерлеріне өңірдің жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке 59 жастағы Бақтықожа Ізмұхамбетов тағайындалды, ол бұған дейін ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігін басқарған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысын Нұрғали Әшімов басқарған.